Бөбекжай тарихы

Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсу ауылы «Болашақ-Күн» бөбекжай-бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке мекемесі туралы мағлұмат. «Болашақ-Күн»бала балабақшасы» 2014 жылы 5-шілдеде жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке мекемесі болып ашылған. Орналасқан жері: Оңтүстік Қазақстан Облысы, Сайрам ауданы, Жібек-жолы көшесі, нөмірсіз үй. 2015 жылдың 19-қантарыда «Болашақ-Күн»бөбекжайы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке мекемесі болып қайта тіркелді . Орналасқан жері: Түркістан облысы Сайрам ауданы, Ақсу ауылы,Ниязали Юлдашов,ғымарат 1В . 2023 жылдың 4- қазан айынан «Болашақ-Күн»бөбекжай-бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеке мекемесі болып атауы өзгертілді. Мектепке дейінгі балалар мекемесі 200 балаға арналған, Екі қабатты ғимарат. Бөбекжай қызметі екі жастан алты жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Бөбекжай-бақшада балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастырумен қатар жас ерешеліктерін ескере отырып, олардың физикалық, адамгершілік және зияткерлік дамуы үшін уақытты үйлесімді бөлу және қолайлы жағдайларды жасау мақсатында 8 топ жұмыс жасайды. Ұйымдастырылған іс-әрекет және тәрбие жұмыстары 1 топта қазақ тілінде 7 топта орыс тілінде жүргізіледі. Мемлекеттік тапсырыс бойынша тәрбиеленіп жатқан балалар тізімі 200 бала. Бөбекжай-балабақшада сегіз жабдықталған бөлмелер бар. Олар саз және дене шынықтыру залдары, меңгеруші, әдіскер кабинеті, медбике, асхана, кір жуу бөлмесі, қойма және азық-түліктерді сақтау бөлмелері жұмыс жүргізуге қолайланып жабдықталған. Бөбекжай аумағында саяжайлар, гүл бақтары мен ойын алаңдарымен қатар ертегі кейіпкерлері де бар. Бөбекжайдың міндеті мен мақсаты Бөбекжайдың басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар мен ғылым, іс-тәжірбие жетістіктері арқауында жеке адамның тұлға ретінде қалыптасуына, дамуына және кәсіби жетілуіне бағытталған білім алуға қажетті жағдайларды қалыптастыру үшін балаларды оқыту және өндірістік шаруашылық іс-әрекетін білім беру саласында іске асыру болғандықтан, оқутәрбие үрдісін жетілдіру мақсатында, әр жаңа оқу жылында балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бір жылға жұмыс жоспары құрылған. Топтарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес оқыту жүйелері қарастырылған. Барлық топтар жиһаздармен, тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктеріне қарай көрнекі құралдармен жабдықталған. Топтарда тәрбиешілердің өздері жасаған сала бойынша көрнекі құралдары баланың жасына сай қойылған. Тәрбиешілер ұйымдастырылған іс-әрекет өтуде балалардың қызығушылығы мен білім алуға деген құштарлығының дамуына ықпал ететін түрлі жаңа технологилардың элементтерін қолданады. Мекемедегі жұмыс тәртібінің ұзақтығы 1 күнде 10 сағат 30 минут, аптасына 5 жұмыс күні болып есептеледі. Демалыс күндері сенбі мен жексенбі күндері. Бөбекжайдың басымды міндеттері – баланың әрі қарай мектепке жақсы оқуына ықпал ететін тәрбие жұмыстарын жүргізу. Балалардың денсаулығын қамқорлыққа алу, баланың дұрыс дамуын және организмін шынықтыруды, толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету, аурулардың алдын алу мақсатында бөбекжайда күнделікті ас мәзірін санитарлық нормаға сәйкес бөбекжай медбикесі жасайды. Басшылық қадағалап отырады. Балаларды қабылдау, баланың денсаулық жағдайын тексеру жұмысын бөбекжай медбикесі жүзеге асырады. Балаларды бөбекжай-бақшаға қабылдау және шығару тәртібі бойынша бөбекжай төмендегідей жұмыстар атқарады. Тәрбиеленушілерді қабылдайтын кезде бөбекжай меңгерушісі атааналарды төмендегі құжаттар негізінде қабылдайды. — қабылдауға арналған жолдама (берілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарамды); — ата-анасының бірінің немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); — баланың тууын куәландыратын құжат (көшірмесі) (сәйкестендіру үшін); — ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы №469 бұйрығымен “Бала денсаулығы паспорты” 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықта қарастырылған нысан бойынша баланың денсаулық паспорты; — Баланың денсаулығы туралы анықтама; Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеленушілердің орындары келесі жағдайларда сақталады: — тәрбиеленуші ауырғанда; — тәрбиеленуші медициналық, санаторий, курорттық ұйымдарда емделсе немесе сауықтырылса; — ата-аналарының бірі еңбек демалысында болса. Сонымен қатар, бөбекжай-балабақшада жұмыс барысын реттеп отыратын келісім-шарттар түзілген:  Ұжымдық шарт  Басшы мен келісім шарт  Ата-аналармен келісім шарт Бөбекжай-бақша тәрбиешілері жоғарғы білімді тұлғалар. К.Гельвеций «Тәрбиеші-балаларға ересек әлемге есік ашатын сықыршы педагог» деген екен. Бөбекжай-бақша тәрбиешілері қай кезеңде болсын жүректері ертеңгі елім деп соғатын ұрпақты тәрбиелеуге тер төгуде. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын лайықты түрде тәрбиелеу – біздерге артылған аса жоғары міндет. Сондықтан да бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді. Өйткені, бұл – бала жанын тереңнен сезінетін, өз ісін жан-жақты білетін, бүлдіршіндерді жәнтәнімен сүйе алатын, оларды бағалай білетін нағыз маманның қолынан қолынан ғана келетін жұмыс. "Болашақ-Күн" БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ»ның МІНДЕТТЕРІ Білімді тәрбиемен көркемдейміз Шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту Баланың бейнелеу, көркем тілдік, музыкалық іс-әрекетінде эстетикалық сезімдерін, шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ету. Коммуникативті дағдыларды дамыту Балалардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, ауызекі сөйлеуді, сөздік қорды қалыптастыруды және командада жұмыс істеу дағдыларын дамытуды Танымдық және зияткерлік дағдыларды қалыптастыру Тәрбиеленушілердің қоршаға әлемен өзара қарым-қатынас жасауына қажетті танымдық және зерттеушілік әрекетінің қарапайым дағдыларын меңгертуді Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру Балалар бойында рухани-адамгершілік құндылықтар мен патриоттық сезімді қалыптастыру. Физикалық даму Физикалық дені сау баланы тәрбиелеуді, өз денсаулығына саналы түрде қарауды, салауатты өмір салты негіздерін, қауіпсіз өмір сүру дағдыларын қалыптастыру "Болашақ-Күн" БӨБЕКЖАЙ-БАЛАБАШАСЫ»ның топтары «БОТАҚАН» кіші тобы «УЛИТКА» ортаңғы тобы «ЛАСТОЧКА» ортаңғы тобы «ЛАДУШКИ» ортаңғы тобы «РОМАШКА» ересек тобы «МЕДВЕЖОНОК» ересек тобы «СОЛНЫШКО» МАД тобы «РАДУГА» МАД тобы "Болашақ-Күн" БӨБЕКЖАЙ-БАҚША» сында қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыру Бөбекжай-балабақша қауіпсіздік құралдарының үш түрімен жабдықталған:  бейнебақылау жүйелері  өрт дабылы  «шұғыл түймесі бар». Бейнебақылау жүйелері үй-жайлардың, дәліздердің ішіндегі объектінің режимін, күзетілетін объектінің айналасындағы аумақты және, кіру және шығу жолдарын бақылауға мүмкіндік береді. Бейнебақылау жүйелері бөтен адамдардан қорғануға ғана емес, сонымен қатар қызметкерлер мен балалардың жұмысын бақылауға арналған. Бөбекжай ауласы түгел темір қорғанмен қоршалған, көгалдандырылған, таза ауада ойнауға жағдай жасалынған.